БҰҰ-да жасанды интеллект отырысы

Гутерриш егер жасанды интеллект терроризм мен қылмыс үшін пайдаланылса, орасан зор қирау болатынына назар аударды.

2013509
БҰҰ-да жасанды интеллект отырысы

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесі жасанды интеллекттің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тигізетін салдарын шешу үшін алғаш рет жиналды.

Нью-Йорктегі БҰҰ ғимаратында өткен сессияны Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли басқарды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш дүние жүзінде әрбір дерлік ел, компания және ұйым жасанды интеллектпен жұмыс істеп жатқанын айтты. «Жасанды интеллект біздің өміріміздің барлық саласына әсер ететіні анық» деген  Гутерриш оң әсерлерден бөлек кемсітушілік, жалған ақпарат тарату және авторитарлық бақылаудың күшеюі сияқты жағымсыз әсерлердің де болуы мүмкін екенін ескертті.

Гутерриш егер жасанды интеллект терроризм мен қылмыс үшін пайдаланылса, орасан зор қирау болатынына назар аударды.

Гутерриш жасанды интеллект арқылы жасалған кибер шабуылдардың қазірдің өзінде үлкен зиян келтіріп жатқанын айтып, «Жасанды интелекттің әскери және әскери емес мақсатта қолданылуы жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін» деді.

Жасанды интеллектті басқару үшін елдердің әртүрлі ұсыныстар жасағанын атап өткен Бас хатшы «Мен мүше мемлекеттердің осы ерекше технологияны басқару үшін БҰҰ жанынан бір мекеме құру туралы ұсыныстарын құптаймын. Мысал ретінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік сияқты модельді алуға болады» деді.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Клеверли де өте жылдам дамып келе жатқан жасанды интеллект өмірге толығымен әсер ететінін айтты. «Жасанды интеллект жаһандық стратегиялық тұрақтылықты жақсартуы немесе жоюы мүмкін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар