Пәкістан премьер-министрі Түркия елшісін қабылдады
Пәкістан премьер-министрі қабылдауда Түркиямен ынтымақтастықты жетілдіруге дайын екендерін білдірді.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Түркиямен сауда, инвестиция, жоғары білім беру, туризм және инфрақұрылым сияқты салаларда ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін білдірді.
Пәкістан радиосының хабарына қарағанда премьер-министр Шариф Түркияның Пәкістандағы елшісі Мехмет Пачаджыны қабылдады.
Қабылдау барысында Шариф Түркиямен сауда, инвестиция, жоғары білім беру, туризм және инфрақұрылым сияқты салаларда ынтымақтастықты жетілдіруге дайын екендерін білдірді.
Шариф Түркия мен Пәкістанның ортақ сенім мен өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді тарихи қарым-қатынастары бар екеніне назар аударып, екі ел халқының бір-біріне үлкен құрметпен қарағанын тілге тиек етті.
Түркияға сапары барысында инвестициялық компаниялармен өткізген кездесуге тоқталған Шариф «Қазір Пәкістанға шетелдік инвестиция үшін ең қолайлы уақыт және түрік компанияларының бұл мәселеге деген терең қызығушылығын құптаймыз» деді.
Шариф Президент Режеп Тайып Ердоғанның ант беру рәсіміне қатысу үшін 3-4 маусым күндері Түркияға келген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.