АҚШ-тан Украинаға жаңа әскери жәрдем пакеті

Ақ Үй әкімшілігі әскери жәрдем пакетінің құрамы туралы мәлімдеме жасады.

1993894
АҚШ-тан Украинаға жаңа әскери жәрдем пакеті

АҚШ Украинаға әуе қорғаныс жүйелерінен бастап әртүрлі қару-жарақ жүйелеріне тиесілі оқ-дәрілер қамтылатын жаңа әскери жәрдем пакетін жариялады.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникация үйлестірушісі Джон Керби күнделікті баспасөз жиналысында АҚШ армиясының өз қару-жарақ қорынан  Украинаға жаңа әскери көмек көрсетілетінін, жаңа жәрдем пакетінің Патриот әуе қорғаныс жүйелері, Стингерлер мен Жоғары қозғалмалы артиллериялық зымыран жүйесі үшін қосымша оқ-дәрілерді қамтығанын атап көрсетті.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) болса әскери көмек пакетінің 300 миллион долларды құрағанын және мина тазалау жабдықтары мен әртүрлі өлшемде зеңбірек оқ-дәрілерін қамтығанын атап көрсетті.

Керби Украина президенті Владимир Зеленскийдің 10 баптан тұратын бейбітшілік жоспарын іске асыру үшін украиндықтармен бірге жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Басқа жағынан Керби Ресей жеріне шабуыл жасалмауы тақырыбында украиналық лауазымдылардан кепілдік алғандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар