АҚШ-тың 5 штатында құйын соғып тұр

АҚШ-тың ішкі және оңтүстік аймақтарындағы 5 штатта кем дегенде 16 құйын болды.

1985930
АҚШ-тың 5 штатында құйын соғып тұр

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) ішкі және оңтүстік аймақтарындағы 5 штатта кем дегенде 16 құйын болды.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі өткен түнде Луизиана, Колорадо, Канзас, Небраска және Оклахома штаттарында кем дегенде 16 құйын тіркелгенін хабарлады.

Жергілікті БАҚ әзірге құйын салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің болмағанын, бірақ кейбір елді мекендердегі үйлер мен кәсіпорындардың қатты зақымдалғанын жазды.

Метеорология қызметкерлері аталмыш штаттарда құйын, бұршақ, нөсерлі жаңбыр және су тасқынның  осы аптаның аяғына дейін жалғасатынын ескертіп, азаматтардан қажетті сақтық шараларын жасауды сұрады.



Ұқсас жаңалықтар