Сирияда шабуыл

Шабуылда 10 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.

1971107
Сирияда шабуыл

Сирияның Дейр-эз-Зор қаласында әл-Тайм мұнай кенінде Башар Асад режимінің лауазымды тұлғалары отырған шағын автобусқа зымырандық шабуыл жасалды.  10 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Дейр-эз-Зор провинциясының Месраб шөл аймағындағы әл-Тайм мұнай кенішінде жұмыс істейтін мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері мінген көлікке  аты-жөні анықталмаған адамдар шабуылдаған.

Шабуылда мұнай кенінде жұмыс істейтін 10 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар