Кирби: "Кез-келген қару келісімі БҰҰ қарарларын тікелей бұзады"

АҚШ Ақ Үй мәлімдемешісі Кирби онлайн баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

1967967
Кирби: "Кез-келген қару келісімі БҰҰ қарарларын тікелей бұзады"

АҚШ Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Стратегиялық коммуникация координаторы Джон Кирби Ресейдің Солтүстік Кореяғы азық-түоік қамтамасыз ете отырып, қосымша оқ-дәрі сатып алуға әрекет жасағаны жөнінде қолдарында жаңа ақпарат бар екенін айтты.

Кирби онлайн баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Санкциялар себебімен Ресейдің «алаяқ режимдерден» қару-жарақ пен құрал-жабдық қамтамасыз етуге тырысқанын атап айтқан Кирби Солтүстік Кореяның Украинаға қарсы әскери операциялары аясында Ресейге одан көп қолдау көрсетуінен алаңдағандарын білдірді.

Ресейдің осы аяда Солтүстік Кореяға делегация жіберуге тырысқанын атап көрсеткен Кирби «Солтүстік Корея мен Ресей арасында кез-келген қару келісімі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қарарларын тікелей бұзады» деді.

Жағдайды мұқият қадағалап жатқандарын атап көрсеткен Кирби Ресейдің Солтүстік Кореядан қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу процесінің ортасында Ашот Мкртычев атты қару-жарақ саудагері бар екенін де хабарлады.

Кирби Ресей билігінің қолдауымен Мкрычевтің екі ел арасында құпия қару-жарақ келісіміне үлес қосуға тырысқанын, осы арқылы Ресейдің Пхеньян әкімшілігінен әртүрлі қару түрі мен оқ-дәрі сатып алуды мақсат еткенін айтты.

Қаңтар айында Ресейдің Украинада қарсы қолдану үшін Солтүстік Кореядан қару сатып алғанын құжаттағанын айтқан Кирби зымыран мен құрылғылар тасымалданғаны болжалған  вагондардың жерсерігі түсірген фотосуреттерін бөліскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар