АҚШ әскері Сирияда қалады

Кирби Байденнің АҚШ әскерлерін Сирияда ұстауға «табанды» екенін айтты.

1965352
АҚШ әскері Сирияда қалады

Америка Құрама Штаттарында Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің Стратегиялық коммуникация координаторы Джон Кирби Америка әскерлерінің Сириядағы міндетін жалғастыратынын айтты.

CBS телеареасының «Face the Nation» атты бағдарламасына қатысқан Кирби АҚШ-тың Сириядағы әскери базаларына шабуылдарға байланысты «Бұл қарулы топтардың үлкен шабуылы болатын. Президент Джо Байден де осыны еңсеру үшін жылдам және батыл есе қайтарды» деді.

«Сирияда мыңнан аз әскеріміз бар және олар көбіне ықпалы азайса да әлі маңызды ДАИШ ұйымының ізінде» деген Кирби сондықтан АҚШ әскерлерінің Сириядағы жұмыстарының басында болатындарын, Байденнің АҚШ әскерлерін Сирияда ұстауға «табанды» екенін айтты.

Кирби Иранның қолдауын алған қарулы топтардың 23 наурыз күні Ирак және Сириядағы АҚШ қызметкерлеріне және базаларына жүргізген шабуылдарына қарсы Байденнің қажетті деп есептесе қосымша жауап беретінін де білдірді. «Осы апта АҚШ-тың халқымызды қорғау үшін әрқашан табанды болатынын көрсеттік» деген Кирби осы «жолдаудың» қарсы жақтағыларға «нақты» жеткізіленін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар