Орыс әскери ұшағы мен АҚШ-тың пилотсыз ұшағы соқтығысты

АҚШ Қорғаныс министрлігі оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

1960090
Орыс әскери ұшағы мен АҚШ-тың пилотсыз ұшағы соқтығысты

Орыс әскери ұшағының Қаратеңізде АҚШ-қа тиесілі "MQ-9"  атты пилотсыз барлау ұшағымен соқтығысып құлауына жол ашқан оқиғамен байланысты егжей-тегжейлер ортаға шыға бастады.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) баспасөз хатшысы бригада генералы Патрик Райдер күнделікті баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесінде 2 орыс ұшағының MQ-9-ға қарсы қудалауының 30-40 минутқа созылғанын атап көрсетті.

Қаратеңізге құлаған пилотсыз ұшақтың сынықтарының қай жерде екені және қалдықтарын шығару жұмыстарының жүргізіліп жүргізілмейтіні туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеген Райдер «Ресей әлі де сынықтарды қолға түсірген жоқ» деді.

Мәлімдемеші қудалау кезінде ресейлік ұшақтармен радиобайланыс болмағанын, апаттан кейін зақымданған MQ-9 ұшағының Қаратеңізге құлағанын білдірді.

АҚШ генералы АҚШ-тың қалдықты судан шығаруға қоса оқиғамен байланысты Түркия мен аймақтағы басқа одақтастармен әлі байланыс орнатпағанын тілге тиек етті.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне қарасты Стратегиялық коммуникация басшысы Джон Кирби болса «Біз халықаралық су айдынында ұшпай тұрғанда халықаралық әуе кеңістігінде ұшқан кезде орыстарға ақпарат беру міндетіміз жоқ. Қаратеңіз ешбір ұлтқа тән емес. Біз әлемнің осы бөлігіндегі ұлттық қауіпсіздік мүдделеріміз үшін қолымыздан келгенді жасай береміз» деп мәлімдемді.



Ұқсас жаңалықтар