Әлемдегі ең ерте туылған егіз сәбилер

Канадада егіз сәби 22 аптада дүниеге келген.

1955995
Әлемдегі ең ерте туылған егіз сәбилер

Канадада 22 аптада дүниеге келген егіз сәби  әлемдегі ең ерте туылған егіздер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Туылғанға дейін тірі қалу мүмкіндігі жоқтың қасы болған сәбилер өткен жылдың 4 наурызында 126 күн ерте дүниеге келген. Бұған дейінгі рекорд 2018 жылы АҚШ-тың Айова штатында мерзімінен 125 күн бұрын туылған егіздер болды.

Толық мерзімді жүктілік әдетте 40 апта жалғасады. Ал бұл нәрестелер жоспарланған уақыттан 18 апта бұрын туылған.

Сәби қыз Адиях 330 грамм, ал оның ағасы Адриад 420 грамм болып дүниеге келген.

Адиях мен Адриал денсаулығының бастапқы проблемаларына қарамастан қазір бір жаста.



Ұқсас жаңалықтар