Сергей Лавров пен Ван И кездесті

Сергей Лавров Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің  халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Ван Имен кездесті.

1950127
Сергей Лавров пен Ван И кездесті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қытайдың ең жоғары лауазымды дипломаты, Қытай Коммунистік партиясы  Орталық комитетінің  халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Ван Имен кездесті.

Ресейдің астанасы Мәскеуде өткен кездесудің басында сөз сөйлеген Лавров Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың тұрақты және қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Лавров Ванды ҚКП Орталық комитетінің халықаралық байланыстар жөніндегі директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Лавров «Сіздің жаңа жұмысыңыз Ресей-Қытай стратегиялық өзара іс-қимылы мен көп қырлы серіктестік қатынастарының сабақтастығын одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін» деген сөздер қолданды.

Ван болса екі тарапты да қызықтыратын мәселелер бойынша пікір алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Ван «Мен жаңа келісімдерге қол жеткізуді асыға күтемін» деді.

Ван «Қытайды жаңғырту арқылы біз тек Ресеймен ғана емес, әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастықты дамытудың жаңа көкжиектерін ашамыз, барлық серіктестермен өзара іс-қимылдың мәнін байытамыз» деп көрсетті.  

 



Ұқсас жаңалықтар