Сирияда үйінді астында дүниеге келген сәби

Үйінді астында дүниеге келген сәби Айяны асырап алушылар өте көп.

1944787
Сирияда үйінді астында дүниеге келген сәби

Сирияда 6 ақпанда эпицентрі  Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін құлаған ғимараттың қирандылары астында дүниеге келген сәби қызды мыңдаған адам асырап алуға өтініш білдірді.

Африннің Синдерес қаласында үйінді астында дүниеге келген сәби Айя (ғажайып) сәби құтқарылған кезде анасымен әлі кіндік байланысы болған.

Үйінді астында дүниеге келген сәби Айяның анасы мен әкесі және төрт бауыры жан тапсырды.

Айя қазір ауруханада. Кішкентай сәбиге күтім жасаған педиатр Хани Маруф сәбидің дүйсенбі күні өте ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін, қазір оның жағдайы жақсы екенін айтты

Әлеуметтік желіде Айяны құтқару кезінде түсірілген көріністерге көп адам қызығушылық көрсетті. Бейне көріністерден ер адамның шаң басқан сәбиді қирандылардан алып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желіде мыңдаған адам сәбиді қалай асырауға болатынын сұрады.

Аурухана директоры дәрігер Аттиах Халид Айяны асырап алғысы келетіндер әлемнің түкпір-түкпірінен қоңыраулар шалғанын  айтты.



Ұқсас жаңалықтар