Баспанасыздар үшін жоба

Мақсат - қауіпсіз орта қалыптастыру.

1938855
Баспанасыздар үшін жоба
berlin almanya evsizlere ev.jpg

Германияның астанасы Берлинде баспанасыз қалғандар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Safe Places» үлгілік жобасы аясында баспанасыз адамдар тұра алатын жәшік түріндегі 3 «кішкентай үй» (Little Home) салынды.

30 қаңтар дүйсенбі күні баспанасыз адамдар Фридрихшайн-Кройцберг ауданындағы Остбанхоф вокзалының маңында салынған 3 шағын үйге орналастырылады.

Баспанасыздардың белгілі бір уақыт бойы қауіпсіз тұруына арналған 3,2 шаршы метрлік шағын үйлер оларға аз да болса жеке өмірді қамтамасыз етеді, қолайсыз ауа райынан, шабуылдардан және ұрылардан қорғайды деп айтылды.

Изоляциясы  жақсы жабдықталған үйлерде бір кереует, портативті дәретхана, өрт сөндіргіш және тамақ пісіретін жер бар.

Аталмыш үйлердің жаңа тұрғындарына әлеуметтік қызметкерлер тұрақты түрде барып тұрады.

Осы жоба баспанасыздардың 2-2,5 жылда баспанаға көшуіне мүмкіндік беруді көздейді.



Ұқсас жаңалықтар