Ресей банктері санкцияға қарамай пайда тапты

Ресей Орталық банкі санкцияларға қарамастан 2022 жылды 203 миллиард рубль пайдамен аяқтағанын жариялады.

1938849
Ресей банктері санкцияға қарамай пайда тапты

Ресей Орталық банкі елдегі банк секторы ауқымды санкцияларға қарамастан 2022 жылды 203 миллиард рубль пайдамен аяқтағанын хабарлады.

Ресей Орталық банкі жариялаған «Банк секторының дамуын бағалау» атты баяндамасында ресейлік банк секторының 2022 жылдың бірінші жартысында 17.4 триллион рубль жоғалтқанына назар аударылды.

Өткен жылдың екінші жартысында сектордың қалпына келгені туралы мәліметтерді қамтитын есеп беруде ресейлік банк секторының 2022 жылды 203 миллиард рубль пайдамен аяқтағаны атап өтілді.

Баяндамада елдегі кейбір банктердің 2022 жылды недәуір шығынмен жапқаны, пайда табушы банктердің көрсеткіші 77 пайыз деңгейінде екені білдірілді.

Ресейдің банк секторы 2021 жылы 2.4 триллион рубль пайда тапқан болатын.

Батыс елдері ресейлік банк секторының әлемдік қаржы жүйесіне қолжетімділігін айталықтай шектесе, елдегі көптеген банктерді "SWIFT" жүйесінен шығарды.



Ұқсас жаңалықтар