Елшінің елден кетуін сұрады

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады.

1936654
Елшінің елден кетуін сұрады

Ресей Эстония елшісі Маргус Лайдреден елден кетуді сұрады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Эстонияның Таллиндегі Ресей елшілігіндегі қызметкер санын қысқарту туралы шешім қабылдағаны еске салынды.

Бұл шешімнің «достыққа жатпайтын» қадам екені айтылған мәлімдемеде Эстонияның Ресейдегі елшісі Лайдренің министрлікке шақырылғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде "Ресей тарапы бұған жауап ретінде екі елдегі дипломатиялық өкілдіктерді уақытша сенімді өкіл деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Елшіге Эстония үкіметінің әрекетіне байланысты наразылық нотасы берілді. Эстонияның Ресейдегі елшісі 2023 жылғы 7 ақпанға дейін  кетуге мәжбүр. Эстония мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарда мұндай жағдайға жетуде барлық жауапкершілік эстон тарапына жүктеледі. Эстония әкімшілігінің дұшпандық қадамдарына болашақта да жауап беруді жалғастырамыз" деп айтылды.

11 қаңтарда Эстонияның Сыртқы істер министрлігі Ресейден 1 ақпанға дейін елдегі дипломатиялық қызметкер санын 8 адамға дейін қысқартуды сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар