Мұхиттағы температура жоғарлап келеді

Мұхиттардың 2022 жылы ең жоғары температураға жеткені және мұның климат жүйесінде терең өзгерістер туғызғаны жарияланды.

1931991
Мұхиттағы температура жоғарлап келеді

Өткен жылы мұхиттағы температура әлемдегі ең жоғары деңгейге жетті.

"Guardian" газетінің хабарына қарағанда көптеген ғалымдар тобының зерттеуінде адам шығарған зиянды заттардың жылуын сіңіретін мұхиттардың 2022 жылы ең жоғары температураға жеткені және мұның климат жүйесінде терең өзгерістер туғызғаны жарияланды.

Америка Құрама Штаттарында "St. Томас" университетінің профессоры Джон Абрахам жаһандық жылынудың 90 пайыздан астамы мұхиттарда байқалатынын айтты.

Джон Абрахам: «Біз мұхиттардың жылынуына байланысты кезектен тыс  ауа райы жағдайларын бастан өткеріп жатырмыз. Мұның бүкіл әлемде ауыр зардаптары бар» деді.

«Атмосфералық ғылымдардағы жетістіктер» атты білікті журналында жарияланған зерттеуге қарағанда 1958 жылдан бері тіркелген мұрағаттар 1990 жылдан бастап жылыну жеделдегендіктен мұхит температурасында айтарлықтай жоғарлау болғанын көрсетуде.

Зерттеуде Тынық мұхиты мен Атлант мұхитындағы қарқынды жылынумен бірге Солтүстік жарты шарда рекордтық жылу толқындары мен құрғақшылық оқиғаларының артқаны хабарланды.

Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйым қазан айында барлық негізгі парниктік газдардың атмосфералық концентрация мөлшерінің рекордтық деңгейге жеткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар