Ереуілге байланысты рейстер тоқтап қалды

«Ryanair» қызметкерлері жалақылары мен еңбек шарттарын жақсартуды талап етуде.

1929138
Ереуілге байланысты рейстер тоқтап қалды

Бельгиядағы «Ryanair» компаниясының қызметкерлері осы демалыс күндері ереуілге шыққандықтан, 100-ден астам рейс тоқтатылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ирландияның «Ryanair» компаниясының Бельгиядағы кабина экипажының өкілдері Рождество және Жаңа жыл мерекелерінің артынан 7-8 қаңтарда ереуілге шығады.

Ереуілге байланысты «Ryanair» әуежолы компаниясының 100-ден астам рейсі аталған күндерде тоқтатылды. Бұл шамамен 20 мың жолаушыға әсер етеді.

 «Ryanair» қызметкерлері жалақылары мен еңбек шарттарын жақсартуды талап етуде.

Компания қызметкерлері 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері де ереуілге шығып, көптеген рейстер тоқтап қалған болатын.

«Ryanair» мен оның қызметкерлері арасында еңбек шарттары мен жалақыға қатысты келіспеушіліктер жиі болып тұрады. Ұшу экипажы болса ереуілге саяхат ең көп болатын кезде шығады.



Ұқсас жаңалықтар