Таиланд пен Қытай сүңгуір келісімін бұзуы мүмкін

Таиланд пен Қытайдың кеме жасау компаниясы "CSOC" 2017 жылы "S26T Yuan" мәртебесіндегі сүңгуір қайық жобасы үшін 393 миллион долларға келіскен болатын.

1909936
Таиланд пен Қытай сүңгуір келісімін бұзуы мүмкін

Таиланд Қытаймен 2017 жылы қол қойылған суасты сүңгуір келісімінен шығатынын жариялады.

"Bangkok Post" газетінің хабарына қарағанда Таиланд Әскери-теңіз күштері қолбасшысы адмирал Чоенгчай Чомчоенгпает 2017 жылы Қытаймен жасалған сүңгуір жеткізу келісіміне байланысты баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Адмирал Чомчоенгпает сүңгуір қайықта қандай қозғалтқыштың қолданылатыны туралы ақпарат беруде кешігу болғанына назар аударып, Қытайдың келісім бойынша уәде берілген CHD620 типті қозғалтқышты пайдаланылуын қалайтынын атап өтті.

Таиланд Әскери-теңіз күштерінің желтоқсан айында суасты сүңгуір жобасы бойынша Қытай тарапымен кездесетінін атап көрсеткен Чомчоенгпает суасты қайықтарында қандай қозғалтқыштың қолданылатыны туралы ақпарат сұрайтындарын және құжаттағы шарттар бұзылған жағдайда келісімнен шегінулері мүмкін екенін білдірді. 

Таиланд пен Қытайдың мемлекеттік кеме жасау компаниясы "CSOC" 2017 жылы "S26T Yuan" мәртебесіндегі сүңгуір қайық жобасы үшін 393 миллион долларға келіскен болатын.

Сүңгуір қайық 5-6 жылда тапсырып берілетіні межеленуде.

 



Ұқсас жаңалықтар