Дмитрий Песков дәнді дақыл тиелген кеме туралы мәлімдеді

Дмитрий Песков бас қала Мәскеуде өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

1862170
Дмитрий Песков дәнді дақыл тиелген кеме туралы мәлімдеді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дәнді дақыл тиелген алғашқы коммерциялық кеменің Украинаның Одесса портынан шығуын «болымды» деп мәлімдеді.

Песков бас қала Мәскеуде өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

Түркия, Украина, Ресей және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) арасында 22 шілде күні қол қойылған дәнді дақыл тасымалдау келісімі аясында Украинаның Одесса портынан бірінші кеменің шыққанына назар аударған Песков «Бұл болымды жаңалық. Стамбулдағы келіссөздерді орындалуын сынауға жақсы мүмкіндік. Келісімдер барлық тараптармен орындалады және тиімді жұмыс істейді деп үміттенеміз» деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінен тақырыпқа байланысты жасалған мәлімдемеде Одесса портынан шыққан жүгері тиелген «Разони» атты Сьерра-Леоне жалаулы жүк кемесінің ертең Стамбулға жетуінің жоспарланғаны атап көрсетілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде «Ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын алғашқы кеменің шығуымен байланысты гуманитарлық көмек операциясы Стамбулдағы Біріккен Үйлестіру орталығында ресейлік офицерлердің белсенді қатысуымен жоспарланған болатын» делінді.



Ұқсас жаңалықтар