Ресейдің 13 миллиард 800 миллион еуросы бұғатталды

Еуропа Одағы 98 компания мен 1158 адамның, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің активтерін бұғаттады.

1854907
Ресейдің 13 миллиард 800 миллион еуросы бұғатталды

Еуропа Одағы Әділет комиссиясының мүшесі Дидье Рейндерс мүше елдердің осы уақытқа дейін Ресейдің 13 миллиард 800 миллион еуро активін бұғаттап тастағанын жариялады.

Дидье Рейндерс Чехияның астанасы Прагада Еуропалық Одаққа мүше елдердің әділет министрлерінің бейресми кездесуіне байланысты баспасөзге мәлімдеме жасады.

"Қазірге дейін Ресейдің 13 миллиард 800 миллион еуро активін бұғаттадық" деген Дидье Рейндерс мұның 12 миллиард еуродан көбінің 5 мүше елде екенін, қалған елдердің де талпыныстарын жылдамдататынын айтты.

Дидье Рейндерс бұғатталған байлықтар тәркіленіп, Украинаны қайта құруда қолданылуы жайлы жазғы демалыстан кейін мүше елдер арасында келісімге келуді жоспарлағандарын білдірді.

Дидье Рейндерс мәлімдемесінде тәркілеуге жататын активтерді Украинаның құрылысына пайдалану Еуроодақта, содан кейін мүше мемлекеттердің заңнамасында жүзеге асырылуы керек екенін білдірді.

Еуропа Одағы осы уақытқа дейін 98 компания мен 1158 адамның, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің байлықтарын бұғаттады, олардың Еуроодаққа кіруіне тыйым салды және Мәскеу әкімшілігіне қарсы 6 санкция пакетін, соның ішінде мұнай эмбаргосын қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар