BioNTech Руандада вакцина зауытын салады

Африкада BioNTainers аталатын компанияның модульдік зауыт элементтері 2022 жылдың соңына дейін Кигалиге тапсырылатыны білдірілді.

1841307
BioNTech Руандада вакцина зауытын салады

Неміс биотехнологиялық компаниясы BioNTech 23 маусымда Руандадағы вакцина зауытының құрылысын бастайтынын хабарлады.

BioNTech компаниясынан жасалған мәлімдемеде астана Кигалиде өтетін іргетасын қалау салтанаты рәсіміне Руанда президенті Пол Кагаме, Африка елдерінің,  президенттері, Еуропалық Одақ пен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қатысатыны білдірілді.

Мәлімдемеде Африкада BioNTainers аталатын компанияның модульдік зауыт элементтері 2022 жылдың соңына дейін Кигалиге тапсырылатыны хабарланды.

Сонымен қатар, вакцина зауыты құрастыру жинағынан жасалған және тасымалдау контейнерлеріне орналастырылған вакцина зауытының келесі бірнеше жыл ішінде көптеген Африка елін қамтиған кеңірек жеткізу желісінің бөлігі болатыны жеткізілді.

BioNTech компаниясы BioNTainers компаниясының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы болашақ басымдықтарына байланысты безгек немесе туберкулез сияқты басқа да mRNA вакциналарын өндіре алатынын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар