Никарагуа Ресей әскерлерінің келуіне рұқсат берді

Үкімет білім беру мен тәжірибе алмастыру мақсатымен орыс жасақтарының елде тұруын мақұлдады.

1841131
Никарагуа Ресей әскерлерінің келуіне рұқсат берді

Никарагуада Ресей әскерлерінің, ұшақтары мен кемелерінің жаттығу өткізуіне немесе төтенше жағдайлармен күресу мақсатымен іс -шаралар жасауына билік берілді.

Елде кеше мақұлданған шешімге сай президенті Даниэль Ортега Ресей әскерлерінің, ұшақтары мен кемелерінің жаттығу өткізуіне немесе төтенше жағдайлар және табиғи апаттармен күресу, гуманитарлық жәрдем, іздеу-құтқару мақсатындағы міндеттерді елінде жүргізуіне рұқсат береді.

Үкімет сонымен бірге  білім беру мен тәжірибе алмастыру мақсатымен орыс жасақтарының елде тұруын мақұлдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова орыс медиа ұйымы Sputnik-ке жасаған мәлімдемесінде аталмыш жағдайдың "қалыпты" екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар