Хуан Висенте Мора 113 жасын тойлады

Хуан Висенте Мора: "Көп жұмыс істе, демалысқа шық, ерте ұйықта, Құдайды сүй және оны әрқашан жүрегіңде сақта" деген нәсихат айтады.

1834329
Хуан Висенте Мора 113 жасын тойлады

Әлемдегі ең қарт адам атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген Хуан Висенте Мора 113 жасын тойлады.

Венесуэланың Тачира штатындағы Эль-Кобре қаласында 10 балалы отбасының 9-шы баласы болып дүниеге келген Мора әр күнді таңертең кофемен бастағанын айтып, айналасындағыларға:

"Көп жұмыс істе, демалысқа шық, ерте ұйықта, Құдайды сүй және оны әрқашан жүрегіңде сақта" деген нәсихат айтады.

Хуан Висенте Мора әлемдегі ең қарт адам атағын 1909 жылы 11 ақпанда дүниеге келген Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия қайтыс болғаннан кейін алды.

Әлемдегі ең қарт әйел француз Люсиль Рэндон 118 жаста.



Ұқсас жаңалықтар