Танака Кейн 119 жасында қайтыс болды

«Әлемдегі ең қарт адам» атағы берілген Танака Кейннің 119 жасында қайтыс болғаны білдірілді.

1817662
Танака Кейн 119 жасында қайтыс болды

"Әлемдегі ең қарт адам" деп қабылданған жапон әйел Танака Кейн 119 жасында қайтыс болды.

Ұлттық баспасөздегі хабарларда Гиннес Әлемдік рекордтар кітабы тарапынан 2019 жылы наурызда «Әлемдегі ең қарт адам» атағы берілген Танака Кейннің 119 жасында қайтыс болғаны білдірілді.

Фукуока уәлаятындағы қарттар үйінде тұратын Танака қызметкерлермен ишарат арқылы хабарласатын.

Қаңтар айында 119 жасқа толған Танаканың сөзжұмбақ шешіп, шоколад пен газдалған сусындарды тұтынғаны білдірілген.

9 ағайындының 7-шісі ретінде 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген және 19 жасында тұрмысқа шыққан Танаканың күйеуі мен ұлы 1937 жылғы "Екінші Қытай-Жапон соғысында" майданға жолданған.

«Замандас Жапония» ретінде танылған 1867 жылдан кейінгі төрт император «Мэйдзи, Тайшо, Шоуа, Хэсэй» кезеңдерін бастан өткерген Танака қазіргі император Нарухитоның «Рейва» дәуіріне жетті.

Танака Кейннен бұрынғы «Әлемдегі ең қарт адам» атағы 2018 жылы шілдеде  117 жасында қайтыс болған жапондық әйел Чийо Миякоға тән еді.

Гиннес Әлемдік рекордтар тіркеуінде «Әлемдегі ең қарт адам» ретінде ең ұзақ өмір сүрген кісі 1997 жылы 122 жасында өмірге көз жұмған фарнцуз әйел Жанна Луиза Калмент болатын.



Ұқсас жаңалықтар