Ресейде мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Түмен қаласындағы Антипинский мұнай өңдеу зауытында шыққан өрт бақылауға алынды.

1756946
Ресейде мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Ресейдің Түмен қаласындағы Антипинский Мұнай өңдеу зауытында белгісіз себептермен таңертең өрт шықты.

Өрт дабылы берілгеннен кейін зауыттағы 200-ге жуық адам эвакуацияланды.

Мұнай өңдеу зауытына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 86 қызметкері мен 30-ға жуық өрт сөндіру құралы жұмылдырылды.

Топтар 2 сағатқа созылған сөндіру жұмыстары нәтижесінде өртті бақылауға алды.

Түмен губернаторы мұнай өңдеу зауытындағы танкердің бос болуының үлкен бір апаттан сақтағанын мәлімдеді.

Ресейдегі ең ірі жекеменшік кәсіпорны ретінде жұмыс істейтін Антипинский мұнай өңдеу зауытының жылдық мұнай өндіру күші 7 жарым миллион тоннаны құрайды және мұнай құбырларына жылына 2,3 миллион тонна мұнай айдалады.

Антипинский мұнай өңдеу зауыты 2016 жылы Forbes тарапынан Ресейдегі ең ірі 200 компаниясы құрамында 43-ші орынға ие болды.



Ұқсас жаңалықтар