124 жасында қайтыс болды
Франсиска Сусано 124 жасында Филиппинде қайтыс болды.
1738105
Әлемдегі жасы ең үлкен адам Франсиска Сусано 124 жасында Филиппинде қайтыс болды.
Daily Mail газетінің хабарлауынша, туыстары Лола деп атайтын Сусано Филиппиннің Кабанкалан қаласындағы үйінде қайтыс болған.
19-ғасырдың соңғы куәгері деп есептелетін Сусаноның жасы Гиннесс Рекордтар кітабында тексерілу сатысында екені айтылды.
Сусаноның өлімінің себебі туралы ақпарат таралмады.