НАТО-дан Түркияның жәрдеміне алғыс келді

НАТО: "Түрік жәрдемі одақтастардың Сovid-19 пандемиясымен күрестің ең соңғы үлгісі".

1394937
НАТО-дан Түркияның жәрдеміне алғыс келді

Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы НАТО Түркияның Балкан елдеріне жасаған жәрдеміне байланысты:

"Түрік жәрдемі одақтастардың Сovid-19 пандемиясымен күрестің ең соңғы үлгісі" деген бағаландыру жасады.

НАТО-дан жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Сovid-19 пандемиясымен күрес аясында Солтүстік Македония, Черногория, Босния Герцоговина, Сербия және Косово елдеріне медициналық жабдықтар жолданғаны білдірілді.

Маска, киім және диагноз жиһазын қамтыған жәрдем материалдарының астана Анкарадағы Етимесгут Әуе базасынан Түрік Қарулы Күштеріне қарасты әскери бір ұшақпен жолданғанына тоқталған мәлімдемеде жүктің үстіне Әзіреті Мәулананың:

"Үмітсіздіктің артына қаншама үміттер жасырынады. Қараңғылықтың артынан қаншама күн туады" деген сөздері жазылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Солтүстік Македония, Черногория және Босния Герцоговинаның НАТО-ның Еуропа-Атлантика Апат жауап беру координация орталығы арқылы жәрдем талабын жеткізгені ескертіліп:

"Түрік жәрдемдері одақтастардың Сovid-19 пандемиясымен күрестің ең соңғы үлгісі" екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар