Грек аралдарындағы босқын саны қайтадан көбеюде

Грек аралдарындағы жалпы босқын саны 14 мыңнан асты.

582587
Грек аралдарындағы босқын саны қайтадан көбеюде

Аралдарға соңғы 4 күннің ішінде 450 босқын келсе, жалпы босқын саны 14 мыңнан асты.

Басқа жағынан Сыртқы істер министрі уәкілі Никос Ксидакис кеше жасаған мәлімдемеде аралдардағы босқындардың бір бөлігінің Түркия мен Еуроодақ арасында қол қойылған кері қайтару келісімі аясында Түркияға қайтарылуының жоспарланғанын атап көрсетті.

Бірақ грек аралдарындағы жағдайдың күн өткен сайын одан нашарлағанын атап айтқан жөн.

Әйтсе де осындағы босқын саны артқан сайын жергілікті халықтың наразылығы да артып отыр. Мысалы  Лесбос аралындағы босқын саны кешегі күнге дейін 5.966 болатын. Алайда аралда тек қана 3.500 босқынды асырай алатын инфра құрылым бар.

Кос аралында болса босқын балаларды лагерлерден тыс мектептерде оқытумен байланысты реттеу халықтың наразылығын туғызды.

Басқа жағынан Болгария да  заңсыз көшпен күрес аясында жаңа шаралар қабылдайды. Түркиямен шекарасына шамамен 100 шақырымдық сым тартқан ел сымды 200 шақырымға ұзартуды және бақылау шараларын арттыруды жоспарлайды.



Ұқсас жаңалықтар