АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркияға келеді

Джон Керридің Түркия сапары аясында Фетуллах Гүленді кері қайтару тақырыбы қолға алынады.

544829
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркияға келеді

Мемлекеттік хатшының ресми сапарының 21 тамыз күнінен кейін жүзеге асатыны білдірілді.

Түркия Фетуллахшы террор ұйымы «FETÖ» басшысының Түркияға кері қайтарылуы үшін Вашингтон әкімшілігіне қысымдарын соңғы кездері арттырған болатын.

Керридің Түркия сапары аясында Фетуллах Гүленді кері қайтару тақырыбы қолға алынады.

Өткен дүйсенбі күні Анкараға ресми сапармен келген АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Джозеф Данфорд Бас Штаб Басқармасы төрағасы, армия генералы Хулуси Акармен төңкерісшілер бомбалаған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін  (ТҰҰМ) аралап, премьер-министр Бинали Йылдырым тарапынан қабылданған болатын. Данфорд байланыстары кезінде FETÖ басшысымен байланысты түрік лауазымдыларының ұстанымын Вашингтон әкімшілігіне жеткізуге уәде берген болатын.

Данфордқа АҚШ-тың Гүленді кері қайтаруын күткендерін жеткізген, әйтпесе екі ел ынтымақтастығында маңызды проблемалар туындайтынын атап айтқан премьер-министр алдынғы күні арнайы бір телеарнаға берген сұхбатында «Бұл пікірталастарды доғару үшін АҚШ-тың қолында маңызды бір мүмкіншілік бар. Төңкерістің әшкереленген тұлғасын Түркияға қайтаратын болса, сол кезде бұл пікірталастар жойылар. Осылайша екі стратегиялық ортақ арасында мәселе қалмайтын болады. Жоғары деңгейлі бір АҚШ лауазымдысы Түркияға сапарлай келеді. Келіп бәрін көрсін» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар