Франция президенті Арменияда болды

Франция басшысы 1915 жылғы оқиғаларға арнап тұрғызылған ескерткішке барды.

67004
Франция президенті Арменияда болды

Франция президенті Франсуа Олланд Кавказ сапарының Армения байланыстарын аяқтады.
Әзірбайжандағы байланыстарын аяқтағаннан кейін Арменияның астанасы Ереванға барған Франция басшысы Армения президенті Серж Саргсианмен бірге 1915 жылғы оқиғаларға арнап тұрғызылған ескерткішке барды.
Армения баспасөзінің хабарына қарағанда Олланд премьер-министр Ердоғанның 1915 жылғы оқиғаларға байланысты айтқан көңілін «Қайдан келсе де барлық игі ниетті жолдамаларды жылы қабылдаған жөн» деп бағаландырды.
Армениядағы Еуропа Одағы инвестицияларының жартысын француз инвестициялары қалыптастырғанын еске салған Олланд Еуроодақтың Армениямен серіктестік келісіміне қол қоюы үшін тырысатындарын білдірді.
Олланд Әзірбайжан сапары барысында да Армения мен Әзірбайжан арасында таңдау жасамайтындарын, Кавказ сапарының Ресейге қарсы қадам еместігін, елдердің территория тұтастығын қолдайтындарын атап көрсетті.
Армения сапарын аяқтаған Франция президенті Грузияға өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар