Донецкке кіруге тыйым салынды

«Донецк Республикасы» аймақтағы референдумнан кейін жұмыстарын бастады.

67001
Донецкке кіруге тыйым салынды

Донецкке Обама, Меркель, Кэмерон және Эштонның кіруіне тыйым салынды.
Ресейшіл бөлшектеушілер қалыптастырған «Донецк Республикасы» аймақтағы референдумнан кейін жұмыстарын бастады.
Донецк Республикасы басшылық декларациясын жариялаған сепаратистер АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Еуропа Одағы Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты және жоғары комиссары Кэтрин Эштонға тәуелсіздігін жариялаған аймаққа кіруге тыйым жариялады.
Обама мен Меркель үшін тыйымның себебі ретінде Украина армиясының шығыстағы қалаларда жасалған операциялар үшін Киев әкімшілігінің «террормен күресі» дегендері көрсетілді. Ал Эштон болса «азаматтар қайтыс болған» операцияларға орай Киев әкімшілігін жазаландырмады деп айыпталды.
Ал Ұлыбритания премьер-министр Кэмеронның Киев әкімшілігімен қатынасын қайта реттеп, өздерін қолдаған жағдайда аймаққа кіруіне рұқсат беретіндерін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар