Йеменде қақтығыстар артты

Астана Сана мен Мукалла қаласында 16 адам қаза тапты

66170
Йеменде қақтығыстар артты

Порт қаласы Мукаллада бір полиция бекетіне жасалған жанкешті шабуылда ең кемінде 12 адам қаза тапты.
Әл-каида ұйымы екені болжалған шабуылшының бомба орналастырылған автокөлігінің полиция бекеті маңында жарылуы нәтижесінде 15 адам да жарақат алды.
Кеше азанғы уақытта да астана Санадағы президент сарайы маңындағы бір бақылау бекетіне қарулы шабуыл ұйымдастырылды. Шыққан қақтығыста 3 шабуылшы мен 1 жазықсыз адам қаза тапты.
Бірдей бақылау бекетіне жұма күні де Әл-каида қарасты ұйым мүшелері тарапынан жасалған шабуылда 5 адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар