Түркияның орман жаңғағы экспорты 478,8  миллион доллардан асты

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.

2140093
Түркияның орман жаңғағы экспорты 478,8  миллион доллардан асты

Шығыс Қаратеңіз аймағынан жылдың алғашқы 4 айында 478,8 миллион долларлық орман жаңғағы  экспорты жасалды.

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы Саффет Калйонжу 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында аймақтан 81 елге, автономды және еркін аймақтарға орман жаңғағының  сатылғанын айтты.

Калйонжу бұл экспорттан 478 миллион 812 мың 362 доллар кіріс түсірілгенін мәлімдеді.

Калйонжу «Өткен жылдың сәйкес кезеңінде Шығыс Қаратеңіз аймағынан 353 миллион 74 мың 717 долларлық жаңғақ экспортталды. Өңірден орман жаңғағы экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық жағынан 36 пайыз өсті» деді.

Калйонжу ең көп орман  жаңғағы сатылған үш елдің Италия, Германия және Польша екенін және осы кезеңде Италияға 123 миллион 292 мың 619 долларлық орман жаңғағы  экспортталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар