“TOGG” Еуропа нарығына шығады

Бұл туралы Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр хабарлады.

2139269
“TOGG”  Еуропа нарығына шығады

Түркияның отандық электр көлігі “TOGG” 2025 жылдың басында Еуропа нарығына шығады.

Бұл туралы Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр хабарлады.

Отандық “TOGG” көлігінің жай ғана жаңа автомобиль бренді емес, бүкіл саланы өзгертуге мұрындық болған бренд екенін атап көрсеткен Кажыр жолдағы “TOGG” санының 30 мыңға жақындағанын айтты.

Министр Кажыр «(Түркияда) “TOGG” электромобильдер класындағы және жол талғамайтын көліктері арасында нарық көшбасшысы» деді.

Министр Кажыр Түркияның алдағы кезеңде әлемдегі маңызды аккумулятор өндірісінің базаларының біріне айналатынын да атап көрсетті. «Алдағы кезеңде “TOGG” көлігінің автономды жүргізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін жақсарту өте маңызды болады» деді министр.

Министр  “TOGG” электромобилінің 2025 жылдың басында Германияда сатылымға шығатынын және осылайша Еуропа нарығында өз орнын алатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар