Түрік Әуе жолдарының жолаушы саны 25 миллионнан асты

Түрік Әуе жолдарының  жалпы жолаушысы 8 пайызға артты.

2137595
Түрік Әуе жолдарының жолаушы саны 25 миллионнан асты

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 23,6 миллион болған Түрік Әуе жолдарының  жалпы жолаушысы биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 8 пайызға артып, 25,5 миллионға жетті.

2023 жылдың сәуір айында 6,5 миллион болған авиакомпанияның жалпы жолаушы саны биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 6,9 пайызға артып, 7 миллионға жетті.

2023 жылдың сәуір айында тасымалданған жүк және пошта көлемі 120,9 мың тонна болса, ағымдағы жылдың сәйкес кезеңінде 34,4 пайызға артып, 162,5 мың тонна болды.



Ұқсас жаңалықтар