Жасанды интеллект жобаларына шоғырланады

Электромобиль жобасы аяқталып, жасанды интеллект жобаларына кіріседі.

2108701
Жасанды интеллект жобаларына шоғырланады

Американың алпауыт «Apple» технологиялық компаниясы бұдан былай электромобильдер шығару ісін тоқтатып, жасанды интеллект жобасына назар аударады деп хабарланды.

«Bloomberg» агенттігі жариялаған хабарда бұл мәлімдемені жасаған 2 басшының 2000 мың қызметкерді таң қалдырғаны айтылды.

Хабарға қарағанда менеджерлер электромобиль жобасы аяқталатынын және сол командадағы көптеген қызметкер жасанды интеллект бөліміне ауысатынын айтты. Осы қызметкерлер «Apple» үшін аса  маңызды жасанды интеллект жобасына кіріседі.

 «Apple» компаниясында электромобиль шығару бөлімінде 100- ден астам аппараттық инженер және автомобиль дизайнерлері қызмет атқарады. Егер қаласа бұл қызметкерлер компания құрамындағы  басқа жұмыстарға ауыса алады.

Компания жұмыстан қысқарту болатынын, бірақ оның ауқымының әлі белгісіз екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар