Түркиядағы порттарға келген круиздік кемелер саны артты

Уралоғлу Түркиядағы порттарға келген круиздік кемелер мен жолаушылар санында өткен жылмен салыстырғанда рекордтық өсім болғанын хабарлады.

2075761
Түркиядағы порттарға келген круиздік кемелер саны артты

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Түркиядағы порттарға келген круиздік кемелер мен жолаушылар санында өткен жылмен салыстырғанда рекордтық өсім болғанын хабарлады.

Уралоғлу «Түркия туризмде сұранысты қамтамасыз ететін  елге айналды. Мұның ең үлкен көрсеткіші круиздік туризмнің артуы. Өткен жылмен салыстырғанда порттарымызға келетін круиздік кемелер мен жолаушылар санында рекордтық өсім байқалды» деді.

Уралоғлу қараша айында порттарға аялдаған круиздік кемелер санының өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 39,7 пайызға артып, 95-ке жеткенін түсіндірді.

Уралоғлу қараша айында порттарға келген круиздік жолаушылар санының өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 59,7 пайызға артып 124 мың 563 болғанын хабарлады. Уралоғлу «2023 жылдың қаңтар-қараша айларында порттарымызға келген круиздік кемелердің саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға артып, 1167-ге жетті. Ал біздің порттарымызға келген круиздік жолаушылар саны  өткен жылдың бірдей кезеңмен салыстырғанда 51,6 пайызға өсіп, 1 миллион 517 мың 933-ке жетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар