Түркияға жеті айда 30 миллион 93 мың 446 турист келді

Түркия 2023 жылдың 7 айында 30 миллион 93 мың 446 қонақты қабылдады.

2029240
Түркияға жеті айда 30 миллион 93 мың 446 турист келді

Түркия 2023 жылдың алғашқы 7  айында барлығы 30 миллион 93 мың 446 қонақты қабылдады.

Түркияға 7 айда келген туристтердің  26 миллион 766 мың 240-ы шетелдік, 3 миллион 327 мың 206-сы шетелде тұратын азаматтар.

Қаңтар-шілде кезеңінде Түркияға келген шетелдіктер саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 16,22 пайыз артты.

Түркияға ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Ресей өткен жылдың бірдей кезеңіне қарағанда 59,22 пайыз артып, 3 миллион 498 мың 614 адаммен бірінші орында тұр.

Германия 7,32 пайыз өсім және 3 миллион 211 мың 724 адаммен екінші,Ұлыбритания 14 пайыз өсім және 2 миллион 63 мың 740 адаммен үшінші болды. Бұл елдерден кейін Болгария мен Иран орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар