Бал экспорты еселеп артты

Бал ең көп экспорт етілген 3 ел АҚШ, Германия және Израиль болды.

1990978
Бал экспорты еселеп артты

Түрік балынан 4 айда 13.5 миллион долларлық кіріс кірді. 

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған қаңтар-сәуір айларында Түркиядан 40 елге, автономиялық және еркін аймақтарға бал сатылғанын айтты.

Гүрдоған жоғарыда аталған кезеңде 4 мың 142 тонна бал экспортынан 13 миллион 468 мың 114 доллар пайда түскенін хабарлады.

Ахмет Хамди Гүрдоған:

"Осы кезеңде ең көп экспорт жасалған 3 ел АҚШ, Германия және Израиль болды. АҚШ-қа 5 миллион 256 мың 178 долларлық, Германияға 2 миллион 110 мың 292 долларлық және Израильге 1 миллион 803 мың 82 долларлық бал экспортталды" деді.

Бал экспортындағы елдердің әртүрлілігіне назар аударған Гүрдоған балдың өткен жылдың сәйкес кезеңінен өзгеше Сауд Арабиясы, Ирландия, Хорватия, Румыния, Венесуэла, Қытай Халық Республикасы және Камерунға да сатылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар