Түркия "Көгілдір байрақ" тізімінде үшінші орында

"Көгілдір байрақ" Түркияда 551 жағажайда, 23 теңіз жағалауында, 14 туристік қайық пен 10 жеке яхтада желбіреді.

1990291
Түркия "Көгілдір байрақ" тізімінде үшінші орында

Түркия биыл "Көгілдір байрақ"  бойынша әлемде үшінші орынды иеледі.

Халықаралық "Көгілдір байрақ" қазылар алқасы 2023 жылғы "Көгілдір байрақ" жүлделерін  жариялады.

Бас кеңсесі Данияның Копенгаген қаласында орналасқан "Халықаралық Экологиялық білім беру қоры-FEE" жариялаған "Көгілдір байрақ"  рейтингінде Түркия жағажайлар саны бойынша тағы да әлемде үшінші орынды иеленді.

"Көгілдір байрақ" Түркияда 551 жағажайда, 23 теңіз жағалауында, 14 туристік қайық пен 10 жеке яхтада желбіреді.

"Көгілдір байрақ" желбіреткен елдер арасында Испания бірінші, Грекия екінші орынды иеледі. Түркия үшінші орында, одан кейінгі қатарда Италия мен Франция бар.

Анталия Түркияда ең көп "Көгілдір байрақ" желбіреген жағажайлар мен туристік қайықтар арасында бірінші орында. Анталияда 231 жағажай, 5 теңіз жағалауы және 14 туристік қайық көгілдір байраққа ие.

Мугла Түркиядағы "Көгілдір байрақ" ең көп желбіреген жағажайы бар туризм қаласы. Мугла 110 жағажайы, 7 теңіз жағалауы және 4 жеке яхтасында көк жалауы бар тізімде екінші орында.

Измир 63 жағажай және 4 теңіз жағалауымен 3-ші орында, Балыкесир 46 жағажай, 1 теңіз жағалауы және 6 жеке яхтамен 4-ші орында, Айдын 35 жағажай және 2 теңіз жағалауымен 5-ші орында тіркелген.

Самсун, Чанаккале, Мерсин, Кожаели, Текирдаг, Бартын, Кыркларели, Орду, Бурса, Зонгулдак, Стамбул, Сакария, Дүзже, Ван, Едирне және Ялова уәлаяттары да "Көгілдір байрақ" тіркеуіне кірді.



Ұқсас жаңалықтар