"Fitch" Түркияның жағдайын жақсы бағалады

Несие дәрежелендіру агенттігі "Fitch" Түркиядағы 9 ірі қала әкімшілігінің 2022 жылға арналған бюджеттік болжамының күткеннен жақсы екенін білдірді.

1971152
"Fitch" Түркияның жағдайын жақсы бағалады

Несие дәрежелендіру агенттігі "Fitch" Түркиядағы жергілікті үкіметтердің бюджеттерінің инфляция мен жер сілкіністеріне қарсы төзімді екенін мәлімдеді.

"Fitch" жасаған мәлімдемеде Түркияның ұлттық және жергілікті үкіметі бюджеттерінің нәтижелері 2022 жылы жоғары инфляцияға төзімді және ақпан айындағы жер сілкінісінің қаржылық әсерін сіңіре алатыны хабарланды.

Мәлімдемеде несиелік дәрежелендіру агенттігі бағалаған Анкара, Самбұл, Измир, Адана, Бурса, Кония, Маниса, Мерсин, Мугла қатарлы 9 ірі қала әкімшілігінің 2022 жылға арналған бюджеттік болжамының күткеннен жақсы екені білдірілді. 

Мәлімдемеде 9 ірі қала әкімшілігінің өткен жылғы бюджет тепе-теңдігінің 39 пайыз өресінде күтілгеніне қарамай, 42 пайыз болып тіркелгені жазылды.

Мәлімдемеде: «Орталық үкімет заң талабына сай, жер сілкіністеріне байланысты қосымша шығындардың басым бөлігін төлей алады», - деа көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар