Технологиялық компанияларда жұмыстан шығару

«IBM» 3900 адамды жұмыстан шығаратынын хабарлады.

1938323
Технологиялық компанияларда жұмыстан шығару

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) рецессияға қатысты алаңдаушылықтар жалғасуда, технологиялық алпауыттар жұмысшы қысқартып жатыр.

Соңғы болып «IBM» 3900 адамды жұмыстан шығаратынын хабарлады. Компания қызметкерлерінің саны 2021 жылдан бері шамамен 22 мың адамға қысқарды.

Джефф Безосқа тиесілі «Amazon» компаниясы да шамамен 18 мың адамды жұмыстан шығаратынын хабарлаған болатын.

Басқа бір алпауыт компания «Google» өткен аптада 12 мыңға жуық қызметкерімен қоштасатынын жариялаған еді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету алыбы «Microsoft»  10 000 қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлаған болатын.

Жұмысшыларды қысқарту наурыз айының соңына дейін аяқталады.

«Fаcebook», «Instagram» және «WhatsApp» сияқты әлеуметтік медиа құралдарының шаңырағы «META» компаниясының бас директоры Марк Цукерберг 2022 жылдың соңында жасаған мәлімдемесінде 11 мыңнан астам адам жұмыстан босатылатынын айтты.

Негізінен АҚШ компанияларынан тұратын технологиялық алпауыттар 2022 жылы дүние жүзінде 150 000 қызметкерді жұмыстан босатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар