Түркияның экспорты есеп артты

Қараша айында Түркиядан ең көп экспорт жасалған елдер Германия, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Ирак болды.

1914068
Түркияның экспорты есеп артты

Түркияның экспорттағы күшті көрсеткіштері жалғасуда.

Ел экспорты қараша айында өткен жылдың ұқсас айына қарағанда 1.9 пайыз артып, 21.9 миллиард долларға жетті.

Сауда министрі Мехмет Муш Түркияның қараша айындағы сыртқы сауда деректерін Аданада жариялады.

Мехмет Муш:

«2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында біздің тауарлар мен қызметтер экспортының 14.5 пайызға өсуімен экспорттың өсімге қосқан үлесі 3.4 ұпайды құрады» деді.

Қараша айында Түркиядан ең көп экспорт жасалған елдер Германия, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Ирак болды.

Қараша айында Филиппинге экспорт 10 есе, Сауд Арабиясына 9 есе өсті.

Сауда министрі Мехмет Муш Түркияның қаңтар-қараша кезеңінде экспортының 14 пайыз артып, 231 миллиард долларға жеткені туралы ақпаратпен бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар