"Ryanair" қызметкерлері жұмыс тастады

"Ryanair" қызметкерлерінің 12 күндік жұмыс тастау ереуілінде 319 рейс тоқтатылып, 3700 рейс кешіктірілді.

1865033
"Ryanair" қызметкерлері жұмыс тастады

Испаниядағы ирландиялық "Ryanair" әуе компаниясының кабина экипажы ұжымдық шартта келісімге келе алмаған соң жұмыс тастауды бастады.

"Ryanair" кабина қызметкерлері тәуелді болған Кәсіподақтар басқармасы жасаған мәлімдемеде тараптар арасында келісім болмаса, апта бойы жалғасатын жұмыс тастаудың 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін созылуы мүмкін екені білдірілді.

Испанияға ең көп жолаушы тасымалдайтын ең арзан әуе компаниясы ретінде танылған "Ryanair" компаниясының 1576 қызметкері қатысқан жұмыс тастауға байланысты таңертең 10 рейстің тоқтатылғаны және 51 рейстің кейінге қалдырылғаны хабарланды.

Мадрид, Барселона, Малага, Аликанте, Севилья, Пальма-де-Майорка, Валенсия, Жирона, Сантьяго-де-Компостела және Ибица қалаларында рейстері бар "Ryanair-дің" келесі екі апта ішінде Испанияда 4998 рейсті жоспарлап отырғаны білдірілді.

Шілдеде меншік құқығын қайтаруды және компания жоспарлаған жұмыстан шығару шешімдерінің күшін жоюды талап еткен "Ryanair" қызметкерлерінің 12 күндік жұмыс тастау ереуілінде 319 рейс тоқтатылып, 3700 рейс кешіктірілді.



Ұқсас жаңалықтар