Энергетика үнемдеу кезеңі

«Энергетика әлемі» - 21

2141860
Энергетика үнемдеу кезеңі

Энергетика үнемдеу кезеңі

Түркия мемлекеттік салада үнемдеу шараларын жүзеге асыруда. Қоғамға қатысты көптеген сала бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады. Іс-шаралардың  маңызды бір бөлігі де энергетиканы пайдаланумен байланысты.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің әрі 2053 жылға арналған әрі нөлдік эмиссия мақсаттары, әрі үнемдеу шаралары тақырыбында маңызды бір іс-шаралар жоспары бар.

Бағдарламаның атауы – «2030 жылға арналған энергетика тиімділігінің ұлттық стратегиясы». Стратегия аясындағы іс-шаралар жоспарымен мемлекеттік мекеменің энергия шығындарында 30 пайызға дейін үнемдеу жоспарлануда.

2030 жылға дейін энергетика тұтынуының 16 пайыз азайтылуы және 100 миллион тонна шығарындыны азайтуға үлес қосу көзделіп отыр.

Стратегия және іс-шаралар жоспарында қоғамдық ғимараттар мен көшелерді жарықтандыру да орын алады.

2023 жылға дейін қоғамдық ғимараттар үшін 15 пайыз үнемдеу мақсатын белгілеген министрлік қоғамдық ғимараттардың энергетика төлемдерінде жылдық 1,1 миллиард лира үнемдеуге қол жеткізіледі. 2024 жылға қарай үнемдеу мақсаты екі есеге артты. 2030 жылға қарай қоғамдық ғимараттарды 30 пайызға үнемдеу міндеттелді.

Сол сияқты көше шамдарындағы жарықдиодты шамдарға, яғни жалпы жарықтандыруға көшудің кешенді бағдарламасы басталды. 2030 жылға қарай жалпы жарықтандыруда 1,2 миллион жарықдиодты шамдар орнатылады. Бұл жерде электр қуатын таратушы компаниялар және жергілікті әкімшіліктермен келісе отырып жұмыс істейтін боламыз.

Аталмыш жоспар 2024 жылы жүзеге асырыла бастады. Небәрі 4 айлық кезеңде қол жеткізілген үнемдеу көлемі болса 1 миллиард 100 миллион лирадан асты.

Министрлік сондай-ақ әсіресе электр энергиясын өндіруде сыртқа бағынышты қамтамасыз етілген ресурстарды азайтуды көздейді.

Бұл бағытта басылатын және жаңа бастамаларға қолдау көрсетілетін ең маңызды сала – жаңартылатын энергия ресурстары.

Түркия өткен жылы электр қуатының 42 пайызын жаңартылатын көздерден өндіріп, жаһандық орташа деңгейден асып түсті.

Өндірілген электр энергиясының 6 пайызы күн, 10 пайызы жел және 20 пайызы су электр көздерінен алынды.

Электр энергиясының 58 пайызы қазба отыннан өндірілді.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды арттыру бойынша тағы бір маңызды қадам жасалды.

«Энергетика» және «Тау-кен өнеркәсібі» заңдарына енгізілген өзгерістермен ауыз суын қамтамасыз ететін бөгеттер, сулы-батпақты жерлер мен жағалау желілерін қоспағанда, қалқымалы Күн энергиясы электр станцияларын құрудың жолы ашылды.

Реттеу арқылы теңіздерде, бөгеттік көлдерде, жасанды және табиғи көлдерде энергетика өндірісі объектілерін құруға болады. Осылайша күн энергиясының рөлі одан әрі артып, қазба отынмен электр энергетикасын өндіруді азайту қамтамасыз етіледі.

Мемлекет үнемдеу шараларын қабылдап жатқанда, энергетиканы үй мен жұмыс орындарында да үнемдеу үлкен маңызға ие. Үйлер мен жұмыс орындарында энергетиканы пайдалануды кішігірім шаралар арқылы екі есеге азайтуға болады.

 

Сонымен қандай қадамдар жасау керек?

- Пайдаланбаған шамдарды өшіру керек.

- Энергияны үнемдейтін электронды құрылғылар мен жарықтандыру жүйелерін, әсіресе жарықдиодты шамдарды пайдалану керек.

- Пайдаланбайтын электр құрылғыларының ашаларын розеткадан алу керек.

- Радиаторлар жиһаздың артында болмауы керек, олардың алды ашық болуы керек.

- Қыс айларында үйлердің, жұмыс орындарының және олар орналасқан ғимараттардың есіктерін жабық ұстау керек.

- Пайдаланылмаған бөлмелерде электр радиаторларының температурасын төмендету керек.

- Тоңазытқыштар 3-5 градус аралығында болу керек.

- Тоңазытқыштар, ыдыс жуғыштар және кір жуғыш машиналар сияқты бұйымдар тиімдірек жұмыс істеуі үшін оларды таза ұстауға көңіл бөлу керек.

- Ыстық тағамдарды тоңазытқышқа салмас бұрын суығанша күтіңіз. Тағамды тоңазытқышқа салқындатпай қою тоңазытқыштың көбірек қуат тұтынуына әкеледі.

- Пеш тамақты пісіріп жатқанда керамика немесе шыны материалдар пайдаланылатын болса, жылуды 20°C-қа дейін төмендетуге болады.

- Кеңсе мен үйге сатып алынған электронды құрылғыларды энергетиканы үнемдейтін модельдер арасынан таңдаған жөн.

- Кондиционерді күтуді назардан тыс қалдыруға болмайды және бөлме температурасын қыста 18-20°C, жазда 24°C деңгейінде ұстау керек.

- Кондиционерді тікелей күн сәулесі түспейтін жерлерге орнату керек.



Ұқсас жаңалықтар