Қыпшақ түркі дәуірі

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 9

2138053
Қыпшақ түркі дәуірі

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 9

 “Өмірін түрік әлеміне арнағандар” атты бағдарламамыздың бұл жолғы хабарында түркі қоғамының мәдениеті мен тілінің маңызды кезеңі саналатын Қыпшақ түркі дәуірі және сол дәуірдегі шығармалар туралы сөз қозғаймыз.

**

Бір тілдің дамуы мен өзгеруін түсіну үшін сол тілдің тарихи үрдісін, сол қоғамның наным-сенімі мен әлеуметтік-мәдени тарихын жан-жақты зерттеу арқылы айқындалған хронология қажет. Бүгінгі түркі әлемінің  зерттеулерінің бұл тұрғыда қандай-да бір жетістікке жеткенін көрудеміз. Түркология ғылым саласының қалыптасуы аясында түркі тілдерінің тарихи кезеңдерінің шекаралары анықталып, жан-жақты зерттеле бастады. Түркі тілінің тарихи үрдісінің бірі- Қыпшақ дәуіріндегі түрік тілі. Көне қыпшақ түрікшесі немесе Ғұн түрікшесі 13-15 ғасырларға жатады. Ол бір жағынан бүгінгі Ресей мен Қаратеңіздің солтүстігіндегі Украина және Кавказда, екінші жағынан оңтүстік Мысыр мен Сирия арасында жазба тіл ретінде қолданылған. Қыпшақ түрікшесі- түбі түріктердің қыпшақ тармағынан алған тарихи түрік диалектісі. Бұл диалект көші-қон, құл саудасы мен жалдамашы жұмыскерлердің арқасында кең географиялық аумаққа тарады.

            Түркологтар тарихи түрік тілінің осы қыпшақ түрікшесі кезеңін әртүрлі дерек көздері арқылы, заманға және орталарға қарай бозкыр, мәмлүк және армян қыпшағы деп үш топта қарастырады. Осы дәуірдегі түрік тіліне үлес қосқан ең маңызды еңбектердің бірі - Кодекс Куманикус сөздігі. Бұл еңбекті 14 ғасырда итальяндықтар мен немістер құрастырған. Бұл екі бөлімнен тұратын сөздік. Кодекс Куманикус- түрік тілі тарихында латын қәріптерімен жазылған тұңғыш еңбек. Бұл - христиан дінін Ғұндар арасында тарату үшін миссионерлер дайындаған түрік тілін түсінуге арналған нұсқаулығы. 14 ғасырдағы түрік тіліндегі    еңбектің жалғыз қолжазбасы Италиядағы Венеция Әулие Маркус кітапханасында сақталуда.  Содан кейінгі кезеңдерде, басқаша айтқанда, 14-16 ғасырлардағы мәмлүк қыпшақ дәуірінен жеткен еңбектерді көбірек көреміз.  Түркологтар бұл еңбектерді «Сөздіктер мен грамматикалар», «Фикһ еңбектері», «Садақ ату және атқа міну» және «Әдеби шығармалар» деп жіктеген. Көне Қыпшақ дәуірі шығармаларының ең маңызды бөлігі – арабтарға түрік тілін үйрету үшін көптеген грамматика мен сөздіктер. Әбу Хайян Мұхаммед бин Юсуфқа тиесілі «Түрік тілін түсіну кітабы» дегенді білдіретін «Китабу'л Идрак ли Лисани'л-Этрак» көнеден келе жатқан сөздік және грамматика мен сөйлем туралы   кітап. Мәмлүк қыпшақ дәуірінен бүгінгі күнге дейін жеткен жалғыз әдеби шығарма – «Гүлістан аудармасы». Гүлістан аудармасы – ирандық ақын Сади шығармасы. Оны 1391 жылы Сейф-и Сарайи аударып бітірген. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі де қыпшақтар армяндармен көршілес болуы және олардың әліпбиін қабылдай отырып, сол әліпбиде шығармалар қалдырғаны. 16-17 ғасырларда армян қыпшақ шығармалары Львов және Камянец-Подильский, Украина, Румыния, Молдова, Қырым және Түркия сияқты    елдерде жазылды. 1521-1669 жылдар аралығында армян әліпбиімен қыпшақ тілінде 112 жазба еңбек жазылды және шамамен 25-30 мың бетке жетіп, бүгінгі күнге дейін қалған мұралардың бірі болып есептеледі.

           Тарихта атын қалдырған қыпшақ түркілерінің бүгінгі мұрагерлері деп қазақ, қырғыз, Қазан, Қырым татарлары, құмықтар, қарашай-балқарлар, ноғайлар, қарайлар және ұрым түріктерін санауға болады. Әлі де зерттелуі керек бұл кезең туындылары салыстырмалы түрде зерттелу арқылы түрік әлемі мен түрік мәдениетіне үлкен үлес қосуда.

 

Дереккөз:

1. Ercilasun, Ahmet. B. (2004). Başlangıçtan Yirminci Yüzyıla Türk Dili Tarihi. Ankara: Akçağ Yay.

2. Karamanlıoğlu, Ali Fehmi (1963). Kıpçaklar ve Kıpçak Türkçesi. TDED, c. XII. İstanbul, s. 175-184.

3. Bodrogligeti, A. (1992). Eski Kıpçakça Sahasındaki Çalışmalar. TDAYB. 175-192 ss.



Ұқсас жаңалықтар