Жасанды интеллекттің жаңа туындысы: Ганизм

Ең қызықты деректер - 65

2090530
Жасанды интеллекттің жаңа туындысы: Ганизм

Жасанды интеллекттің жаңа туындысы: Ганизм

Өмірімізге күн сайын технологиялық жаңалықтар қосса да, жасанды интеллект құқықтық жағынан бірқатар мәселе ала келеді. Осылардың бірі - жаңа өнер қозғалысы ганизм және осы әдіспен өндірілген туындылардың меншік мәселесі.

**

1600 жылдары «калькуляторды» ойлап табумен басталған шытырман оқиға компьютерлер мен интернеттің интеграциясы арқылы ақылды құрылғыларға айналды. Енді жасанды интеллект пайда болды. «Компьютерлер арқылы есеп жүргізу» мүмкіндігі ретінде пайда болған жасанды интеллект технологиясы әр саладағы сияқты өнерге де бірқатар жаңалықтар әкелді. Тіпті өнер әлемінде жаңа қозғалыстың басталуына себеп болды: Ганизм...

Суретшілер енді жасанды интеллект қолдану арқылы көрнекі туындылар жасай алады. Бұл жұмыстардың артында «терең үйрену» саласында қолданылатын жасанды интеллект алгоритмі «Generative Adversarial Network» немесе «GAN» технологиясы жатыр.

Алайда «GAN» технологиясымен жасалған туындылар кімге тиесілі деген сұрақ заң әлемінің күн тәртібінде.

Жасанды интеллект туындыны қалыптастырады, оның қандай деректерді пайдаланғанын және бұл жұмыс қандай алгоритмдер арқылы жүзеге асқанын оны жасаған адамның өзі де білмейді.

Жасанды интеллекттің қараңғы жағы: «Blackbox»

Адамдар сыртқы әлемді сезім мүшелері арқылы қабылдайтыны және үйренетіні сияқты, жасанды интеллект  те машиналық миымен ұқсас нәрсені жасап шығарады. Осылайша ол бірнеше суретшінің туындыларын пайдалана отырып, жаңа туынды жасай алады. Басқаша айтқанда, жасанды интеллект жұмыстың қайнар көзін бүркемелейді, яғни белгісіз қылады.

Еңбек суретшіге, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушіге ме немесе көпшілікке тиесілі ме?

Жасанды интеллект арқылы жасалған өнімдер суретшіге тиесілі ме, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушіге ме немесе көпшілікке тиесілі ме? Бұл сұраққа қазір  заң әлемі жауап іздеуде. Әзірге әр ел әртүрлі шешім шығарып отыр. Мысалы американдық заң жүйесінде жасанды интеллект арқылы жасалған өнімдерді қорғауға болмайды деген пікір қалыптасты.

Ал  Англия болса мынадай шешім қабылдады. Жасанды интеллект арқылы жасалған өнім болған жағдайда жасанды интеллект бағдарламалық құралын пайдаланған және осы процеске үлес қосатын адамға немесе адамдарға , жасанды интеллект арқылы жасалған өнімнің құқықтары берілуі мүмкін екенін айтып отыр.

Еуропадағы жағдай сәл басқаша. Еуропалық Одақ комиссиясының шешімдеріне сәйкес, бұл мәселе бойынша заңдық реттеу қажет деп саналады.

Түркия жасанды интеллект технологиясына жақын елдердің бірі.

Президент жанындағы Цифрлық трансформация басқармасының жасанды интеллектке деген көзқарасы өте оң және жасанды интеллектті қоғамнан алшақтатпайды.

Түрік заңгерлерден «гибридтік жұмыс» ұсынысы

«Гибридтік туындылар» ұғымы жасанды әрі интеллект арқылы жасалған және әрі суретшінің интеллектуалдық  пікірін қамтитын туындылар ретінде қаралып отыр.

Жасанды интеллект әлі де заңдық жағынан белгісіз жерлері көп  сала болып табылады. Заң шығарушы органдар оны тез арада шешкісі келсе де, жасанды интеллект одан да жылдам қарқынмен жетіліп келеді.

Дереккөз - TRT Haber 



Ұқсас жаңалықтар