Измир Шамбали Тәттісі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 69

2088094
Измир Шамбали Тәттісі

 

Тіркелген уақыты: 18.01.2011 

 Түркияның Эгей аймағының інжісі деп есептелетін Измирдің «Шамбали» атты тәттісі танымал. Ол - күнделікті өмірдің бас тартылмас дәмдерінің бірі. Шамбали тәттісі Измир Сауда палатасының өтініші бойынша 2011 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Шамбали шамамен бір келі бидай жармасы, 750 грамм сүт және крахмал қосылып дайындалады. Қамырды дайындағаннан кейін пісіреді.  Пісіргеннен кейін үстіне шәрбат дайындап құйылады. Қалыңдығы шамамен 3 см болатын шамбали тәттісінің үстіне бадам немесе жаңғақ қойылады.

Қамырды алдын ала жылытылған пеште 180 градуста шамамен 45 минут пісіреді.  Артынан төртбұрышты қылып тілімдерге бөліп,  тағы 15 минут пісіреді. Осы арада шәрбатын дайындау үшін қажетті су мен қант қайнатылады.  Қайнай бастаған уақыттан кейін тағы 10 минут қайнатылады. Ішіне лимон суын сығып, ванилин қосып, тағы қайнатады да, салқындау үшін қояды.

Қамыр піскеннен кейін салқындаған шәрбатты қамырдың үстіне құяды. Шамбалидің сырты қою түсте,  ал іші сары түсте болуы керек. Осылай жеуге де болады.  Бірақ үстіне қаймақ қойып жеген де дәмді болады. Ол ауызда тез ериді.


Этикеттер: #тәтті , #шамбали , #Измир

Ұқсас жаңалықтар