Meta-дан жаңа көп тілді жасанды интеллект: "SeamlessM4T"

Ең қызықты деректер - 54

2068400
Meta-дан жаңа көп тілді жасанды интеллект: "SeamlessM4T"

Meta-дан жаңа көп тілді жасанды интеллект: "SeamlessM4T"

 Әлеуметтік медиа алпауыты Meta сөйлеу және мәтін аударуға байланысты көп тілді жасанды интеллект «SeamlessM4T» моделін жариялады.

**

«SeamlessM4T» моделі  әрі мәтінді,  әрі дауысты өңдей алатын желі ретінде таныстырылды. 100 шақты тілде мәтіннен сөзге, сөзді мәтінге, сөзден сөзге және мәтіннен мәтінге аудару істерін атқара алады.

«Meta» осы жасанды интеллекті өндірудегі мақсатының түрлі тілде сөйлейтін адамдардың бір-бірімен жақсы түсінісуіне көмектесу екенін білдірді. «SeamlessM4T» моделі Дуглас Адамстің классикалық ғылыми-фантастикалық «Автостопшылардың Галактикаға арналған нұсқауы» атты трилогиясындағы құлаққа қойғанда сөйлеп тұрған бір тілді аудара алатын фантастикалық «Babel Fish» атты  балықтан шабыт алған. «Babel Fish» секілді «SeamlessM4T» моделі адамдар арасындағы тіл проблемасын шешеді.

«Babel Fish» секілді ғаламдық тіл аудармашысын қалыптастыру қиын,  бірақ қазіргі жүйелер әлем тілдерінің тек бір бөлімін қамтиды.

«Meta» аудару құралдарын ұсынған алғашқы компания емес.

«Google Translate» 2006 жылдан бері автоматты аудару техникасын қолданып келеді. «GPT-4» секілді үлкен тіл модельдері де тілдер арасында аударма жасау қабілеттерімен танымал. Алайда соңғы кезде технология дауысты өңдеу саласында қызды.

 Қыркүйек айында «OpenAI» дауыстағы сөзді тани алатын және оны жоғары дәлдікте мәтінге айналдыра алатын «Whisper» атты модельді жариялады.

«SeamlessM4T» көп модты аударманы көп тілге аударатын осы трендтен бастау алады.

Дереккөз - TRT Haber 



Ұқсас жаңалықтар