«Бергама тоқыма кілемі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 41-2023

2000159
«Бергама тоқыма кілемі»

«Бергама тоқыма кілемі»

Тіркелу уақыты:  01.09.1996

Түркияның Эгей аймағына орналасқан ең ірі қаласы Измирдің Бергама ауданы антикалық дәуірге дейін созылған тарихымен танымал. Үш мың жылдан бері көптеген өркениетке үй иесі болып келе жатқан Бергама аймақтағы кілем мен алаша өндірісінде де басты орында. Бергама қол тоқыма кілемі Бергама Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 1996 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. Кілем аймақта «Истар» атты қолөнер арқауларында тоқылады. Кілем қойдың жабағы жүнінен шеберлік жолдарымен иірілген жіптерді түрлі өсімдіктердің көк бояуларымен бояу арқылы тоқылады. Осы әдіспен Бергама кілемдері жанды түсі мен жылтыраған бейнесін ұзақ уақыт сақтайды.

Кілемнің арнайы түйіншектеу техникасымен тоқылуы мықтылығы тұрғысынан ерекше болып табылады. Бергама кілемдері Яғжибедир, Карадағ, Козак және Юнтдағы қатарлы 4 аймаққа бөлінеді. 16-ғасырдан 19-ғасырға дейін қолда тоқылған Бергама кілемдері елде ғана емес, шетелде де атағын арттырды. Әсіресе Еуропада ақсүйек отбасылары мен коллекционерлер бұл кілемдерге үлкен қызығушылық танытты.    



Ұқсас жаңалықтар