Жасанды интеллектің болашақта бақылауға алынып алынбайтыны белгісіз

Ең қызықты деректер - 38

1997710
Жасанды интеллектің болашақта бақылауға алынып алынбайтыны белгісіз

Жасанды интеллектің болашақта бақылауға алынып алынбайтыны белгісіз

Бір ойын арқылы адамдардың өміріне кірген, адамдар тарапынан алгоритммен бағыт берілген жасанды интеллекттің бақылауға алынып алынбайтыны талас болуда.  Адамдар атынан шешім беретін жасанды интеллект технологияларының этикалық құндылықтардан басқа тікелей қауіп болып болмайтыны болса белгісіз.

***

Адамдар күнделікті өмірде сұхбат роботтары, автоном көліктер және дауыспен басқарылатын цифрлық асистенттер арқылы негізінде тек «тар және әлсіз жасанды интеллект» қолданып отыр. Бірнеше жыл ішінде алгоритмдер «супер интеллект» деңгейіне жетіп, болашақта адамға еліктеуден де аса ма деген уайым туды. Жасанды интеллекттің уақыт өте келе адам ақылынан да асып түсуі кейбір мамандардың ойынша адам баласы үшін жақсы, пайдалы нәрсе.  Ал кейбір мамандар бір апат келе жатыр деп қарайды.

«Tesla» басшысы Илон Маск та жасанды интеллекттің адам баласы үшін қауіпті екенін айтып,  қазірден-ақ осы зерттеулердің тоқтатылуын сұрап отыр.

«Ерекшелік» деп аталатын болжам бойынша жасанды интеллект бір күні адам ақылын қайталаудан да асып түседі.  Осы болжам арқылы адам үсті бір болмыс болу жолында жасанды интеллекттің осы деңгейге жетіп жетпейтіні болса таласқа ашық тақырып. Кейбір мамандарға қарағанда жасанды интеллекттің адам үсті эволюциясы тек қарапайым теория.  Мамандар жасанды интеллекттің де, алгоритм және кодтардың да ұждан және сезім секілді қабілеттерге ие адам баласы тарапынан жазылғанын ұмытпау керектігін атап көрсетеді.

Стамбул Медипол Университеті Құқық факультеті оқытушысы Проф. Др. Ахмет Улви Түрікбағ болса компьютер технологиясының бір күні «супер ақыл» деңгейіне келгенде әлемді бастан аяқ қайта құрғысы келуі мүмкін екенін алға тартады.

Жасанды интеллект және болашақ буын

Германияда жасанды интеллекттің қоғамға әсері жөнінде зерттеулер жүргізген және цирфлық бетбұрыс саласында Гамбург Университетінде сабақ беретін др. Вильгельм Биелерт жасанды интеллект технологиясының қоғам мен болашақ буынға күрделі және жан-жақты әсері болатынын айтып отыр.

«Жасанды интеллекттің қоғам мен болашақ буынға әсері қалай жетілдірілгеніне, қабылданғанына және реттелгеніне байланысты болады» деген ғалым «Қоғамның болуы мүмкін әсерлерін проактив түрде қолға алуы,  жасанды интеллекттің жауапты және этикалық жағы қарастырылған болуы өте маңызды» деді.

Неміс ойшыл Винсент Мюллер технологиямен бірге жетілген жасанды интеллекттің жастар мен кішкене балалардың өмірін едәуір өзгерткенін білдірді.  Мюллер осы өзгерістің болымсыз емес,  жағымды жақтарды да ашатынын айтты. «Керемет шығармашылық жетістікке қол жеткізуге болады,  менің ойымша ең маңызды нәрсе осы.  Бұл бізге байланысты. Осы технологияны қалай қолданатынымызға біз-адамдар шешім береміз» деді ол.

TRT Haber



Ұқсас жаңалықтар